{metadescription}
Ақтөбеде үш азамат жезөкшелікпен айналысқан жігітті ұрып-соққан

Ақтөбеде үш азамат жезөкшелікпен айналысқан жігітті ұрып-соққан

Іс сотқа жетіп, айыпталушы жауапқа тартылды.

Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны телефон нөмірлері мен мекен-жайлары бар жезөкшелердің қызметін жарнамалайтын сайтты қарайды. Бұл тізімнен ер адамдарды да көрген. Қала тұрғыны бұған қатты ашуланып, екі досын шақырады.

Үшеуі де ақылы секс қызметі көрсетілген мекен-жайға барады. Олар есікті ашқан жігітті сөзге келместен ұрып-соғып кетті. 25 жастағы қылмыскер пәтерден телефон мен электронды темекіні алып кетеді.

Нәтижесінде ол айыпталушыға айналды. Сотта олар ер адаммен жезөкшелікпен айналыспауы үшін сөйлеспек болғанын айтты. Пәтер есігін оларға әйел киімін киген жігіт ашты. Үш жігіттің сөзіне құлақ аспағандықтан олар жұдырыққа жүгінгенін айтады. 

Қылмыстық іс бойынша тағы екі эпизод болды. Анықталғандай, айыпталушы да есірткіні сату мақсатында сақтаған және көлік жүргізу үшін танысынан көлік ұрлаған. Осының бәрі үшін сот оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына кесті. Егер ол ережені бұзса, онда жаза темір тордың артындағы нақты мерзімге ауыстырылады, деп ескертілді сотта.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде