{metadescription}
Жер сілкінісі 3 адамның өмірін қиды, 60 адам жарақат алды

Жер сілкінісі 3 адамның өмірін қиды, 60 адам жарақат алды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында болған 6 балдық жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты, 60-қа жуық адам жарақат алды.

ҚХР сейсмология қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуі бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:33-те Сычуань (оңтүстік-батыс Қытай) провинциясындағы Лучжоу қалалық округінің Лусянь уезі аумағында тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі - Лусянь уезінде үш адам қаза тапты, тағы 60 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. 35 үй құлады, 190-ға жуық тұрғын үй қатты зақымдалды.

Апат аймағынан 7 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Сычуань провинциясының Лусянь уезіне 1 миллионнан астам халқы бар 20-ға жуық елді мекен қарайды.

Сондай-ақ жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай аймағында жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Оқиға орнында апатты-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.