{metadescription}
Ұйқысыздықтан дәрі-дәрмексіз қалай арылуға болады

Ұйқысыздықтан дәрі-дәрмексіз қалай арылуға болады

Күнделікті қалыптасқан әдетті өзгерту арқылы ұйқы сапасын жақсартуға болады. 

Aдамның қанша сағат ұйықтағаны емес, қалай ұйықтағаны әлдеқайда маңызды. Дәрігерлер күнделікті физикалық белсенділік, бір уақытта ұйықтау мен ояну ұйқыға қатысты қиындықты жеңуге көмектесетінін айтқан. Сарапшылар ұйықтар алдында бір-екі сағат бұрын тамақтанудан бас тартуды ұсынды. Ұйықтар алдында жылы сүт немесе түймедақ шайы ұйқыны жеңілдетеді.

"Миға демалуға уақыт беру үшін маңызды жұмыстарды күндіз істеген дұрыс, ал ұйқыға аз уақыт қалғанда миға бірнеше сағат демалуға мүмкіндік жасаған жөн", - деп кеңес берді мамандар.

Ұйқысыздықпен ауыратын адамда депрессия, артық салмақ қосу, жүрек-тамыр аурулары және қант диабеті қаупі пайда болады.

Ұйқысыздыққа күйзеліс, ыңғайсыз төсек, бөлмедегі тым жоғары немесе төмен температура, терезе сыртындағы шу әсер етеді. Сондай-ақ ауру алкоголь, кофеин немесе никотин пайдаланғанда асқынып кетеді.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.