{metadescription}
Маңғыстау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Маңғыстау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Маңғыстау облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды.

Апат салдарынан бес адам қаза тапты, оның ішінде жүкті әйел де бар,  деп хабарлайды Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Биыл 16 қыркүйекте сағат 1.48-де Lexus LX 470 автокөлігі аударылды. Көлік тізгініндегі 27 жастағы қыз, оқиға орнында қаза болды. Қаза болғандардың екіншісі 1966 жылы туған әйел, үшіншісі Жаңаөзен қаласының 31 жастағы тұрғыны, әйел жүктіліктің 27-ші аптасында болған. Қалғандары 1964 және 1967 жылдары туған екі ер адам. Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлығы тоғыз адам зардап шеккен. Бес ересек адам оқиға орнында қаза болды. Қалған төрт бала түрлі дәрежедегі жарақаттар алған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2011, 2012 және 2019 жылдары туған үш бала Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Зардап шеккендерге краниоцеребральды жабық жарақат, мидың контузиясы, маңдай мен шынтақ сүйектерінің контузиялық жарасы, жабық сынықтар және травматикалық шок диагнозы қойылған. Дәрігерлер екі баланың жағдайын тұрақты ауыр, үшіншісінікі орташа ауыр деп бағалайды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

2013 жылы туған тағы бір кәмелетке толмаған бала жансақтау бөлімінде жатыр.

«Оның жағдайы ауыр деп бағаланады. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызды. Геморрагиялық ми жарақаты, ІІ дәрежелі церебральды кома, ІІ дәрежелі травматикалық шок. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деп атап өтті басқармадағылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.