{metadescription}
Қазақстандық таеквондошы Түркияда алтын медаль иеленді

Қазақстандық таеквондошы Түркияда алтын медаль иеленді

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Түркияда халықаралық турнирде топ жарды.

Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан рейтингтік "WT President's Cup Europe" жарысы өтті. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны қос жүлдемен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz

Әйелдер арасында 73 келіде сынға түскен Жансель Дениз өз салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал ерлер арасында бақ сынаған ССамирхан Әубакіров 54 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қоржынға салды. 

Айта кетерлігі, аталған турнир Жансель Дениздің Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы додасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.