{metadescription}
Орал маңындағы орманнан әйелдің мәйіті табылды

Орал маңындағы орманнан әйелдің мәйіті табылды

Орал маңындағы орман алқабынан белгісіз әйелдің мәйіті табылды.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлім етті. Қазір полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр.

"15 қыркүйекте күндізгі сағат екі шамасында Ветелки ауылының маңындағы орманда әйелдің мәйіті табылды. Әйелдің жеке басы мен өлімінің себептерін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты, басқа мәліметті жарияламады.

Айта кетері, бұған дейін Оралда үйден шығып, қайта оралмаған 21 жастағы қыз іздестіріліп жатқаны хабарланды. Анастасия Черная 13 қыркүйекте жігітімен тұрған үйден шығып, әлі оралмаған. Жоғалған қыздың анасы оның телефоны сөніп қалғанын, ол хабарласпағанын айтты.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.