{metadescription}
Қазақстанның 4 өңірінде патогендік зертхана салынбақ

Қазақстанның 4 өңірінде патогендік зертхана салынбақ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО, Түркістан, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында ІІ санаттағы патогендік зертхана салуды ұсынып отыр.

Ол үшін кемінде 7,7 млрд теңге қажет. Мұндай ұсынысты «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын Мәжіліс депутаттарының алдында таныстырған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов көтерді.

«Заң жобасы аясында қолда бар зертханалық базаны қосымша жарақтандыруға және жетілдіруге (5,5 млрд. теңге), физикалық қорғанысты жетілдіруге (0,4 млрд. теңге), иммундық-биологиялық препараттарды GMP талаптары бойынша шығару жөніндегі ғимарат салуға (7,7 млрд теңге), сондай-ақ ШҚО, Түркістан, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында патогендігі II санаттағы микроорганизмдермен жұмысты жүзеге асыратын 4 зертхана салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге (0,3 млрд теңге) бюджеттен 14,4 млрд теңге жұмсау көзделген», - деді Ерлан Қиясов.

Оның айтуынша, биоқауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік ақпарат жүйе құру үшін 200 млн теңге керек. Ал микроорганизмдер коллекциясын ұстауға 400 млн теңге бөлу ұсынылып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.