{metadescription}
«СҚ-Фармацияның» ақталып шыққан экс-басшысы 3,6 жылға сотталды

«СҚ-Фармацияның» ақталып шыққан экс-басшысы 3,6 жылға сотталды

Елорданың апелляциялық соты «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.

Айта кетейік, биыл 4 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық соты Б. Шәріпке қатысты ақтау үкімін шығарған болатын. «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына екі бап бойынша айып тағылған болатын. Прокурор соттан күдіктіге Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану арқылы ауыр зардаптарға жол бергені үшін және осы кодекстің 287-бабының 2-бөлігі бойынша ұңғысыз тапаншаны заңсыз сақтағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда ол 287-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1000 АЕК айыппұл тағайындалды. Ал 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылып, оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталды.

Атап айтқанда, бүгін өткен Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер бойынша аппеляциялық алқа отырысында аталған инстанция сотының үкімі жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды. Бұл тұрғыда СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы қорғаныс костюмдерін жеткізуші басқа компаниялардың коммерциялық ұсыныстарынан негізсіз бас тартты деген айып тағылды.

«Сот алқасы бірінші сатыдағы сот қорытындыларын негізсіз деп танып, Шәріпті қызметтік жағдайын теріс пайдаланғаны және қаруды заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот төтенше жағдай кезінде қылмыс жасауды ауырлататын мән-жай деп таныды. Осыған байланысты Шәріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, дереу қамауға алынды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2020 жылдың 14 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп ұсталғанын хабарлаған болатын.

Ал 2021 жылдың басында айыптаушы тарап өкілі күдіктінің кесірінен дәрігерлер коронавирус жұқтырды деген мәлімет берген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.