{metadescription}
49 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады

49 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады

Францияның Майен департаментіндегі Шанже коммунасында 49 жолаушы, соның ішінде колледж студенттері мінген автобус жолдан шығып кетіп, 20 адам түрлі жарақат алды.

Департаменттің префектурасы жол апатында басқа көлік құралдары зақымдалмағанын растады. Автобус жолдың шетінде аударылып қалған. Автобус жүргізушісі оқиға орнына келген тергеушілерге өзін жаман сезінгенін айтқан.

Полицейлер екі зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады. France Bleu радиостансасының мәліметінше, құтқарушылар екі жарақаттанушыны Лаваль қаласындағы госпитальге жеткізген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.