{metadescription}
Ақмола облысында карантин жеңілдетілді

Ақмола облысында карантин жеңілдетілді

Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді.

Жаңа қаулыда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, ашық ауадағы аттракциондардың жұмысына рұқсат беріледі. Сонымен бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен, 30 адамнан артық емес, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында, ашық ауада ұжымдық діни іс-шараларды, оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православие дұғалары және басқаларын жүргізуге рұқсат етілген.

«Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары қызметіне рұқсат беріледі. Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер, аралас тауарлар дүкендері, павильон (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация пункттері орналасқанына қарамастан) сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Мұндағы келушілер саны 30 пайыздан және бір келушіге 4 шаршы метрден аспауы тиіс. «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан, балалар ойын алаңдары мен аттракцион қызметіне тыйым салынады», - делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, жұмыс күндері сағат 20-ға дейін фитнес орталықтары, йога орталықтары, тренажер залдары мен спорт-сауықтыру орталықтары, сауна, СПА орталықтары, бассейн қызметіне рұқсат беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап бастап күшіне енеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.