{metadescription}
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК мамандары 18-20 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Солтүстіктен келген суық антициклон жауын-шашынның тоқтауына әсер етеді. Осылайша әуелі батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында ауа температурасы төмендейді. Демалыс күндерінің басында ғана Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 аяз – 10 жылудан 1-13, күндіз 13-20-дан 15-23 жылуға дейін алмасады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометр -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін өзгереді.

Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылудан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 жылыға дейін ауысады.

Ал республиканың оңтүстігінде түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылынады.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.