{metadescription}
QazVac-тың тиімділігі дәлелденді - Қасым-Жомарт Тоқаев

QazVac-тың тиімділігі дәлелденді - Қасым-Жомарт Тоқаев

QazVac вакцинасы сын тезінен лайықты өтті.

Бұл туралы Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Коронавируспен күрес біздің күн тәртібіміздегі өзекті тақырыптардың бірі болып қалып отыр. Пандемияның ең қиын кезеңінде ШЫҰ бойынша әріптестер шындығында ынтымақтастықтың «Шанхай рухын» танытқанын зор қуанышпен атап өтемін. Осы ретте өзара гуманитарлық көмек көрсетілді. Пандемияға қарсы іс-қимылда батыл бетбұрыс халықты жаппай иммундауға үйлестірілген қадам жағдайында ғана мүмкін болады», - деп тоқталды Қазақстан Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы көмекке мұқтаж тараптарды елеусіз қалдыруға болмайтынын қадап айтты. Бұл тұрғыда Қазақстанның салмақты ұсыныстары бар.

«QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз препаратты гуманитарлық көмек ретінде көршілес елдерге жеткізе бастадық», - деді Қ. Тоқаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.