{metadescription}
ИИДМ Индустриялық даму комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ИИДМ Индустриялық даму комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Ілияс Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Ілияс Есетұлы Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Астана су арнасы» МҚК инженері болып бастады.

2012-2014 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2014-2016 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.

2016-2017 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2017-2018 жж. — «Евразия» корпорациясы» ЖШС холдинг компаниясының даму және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президенті.

2018-2020 жж. – ҚР және Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын Басқару тобы директорының орынбасары.

2020 жылғы ақпан айынан 2021 жылғы сәуір айының аралығында - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ президенті.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.