{metadescription}
Алматыда суға батып бара жатқан жігіт құтқарылды

Алматыда суға батып бара жатқан жігіт құтқарылды

Алматы ТЖ департаментінің, 109 құтқару қызметінің қызметкерлері Сайран көліне батып бара жатқан жас жігітті құтқарды. 

«Қызметкерлер жоспар бойынша Сайран көлінің Алмалы ауданы жағынан патрульдеу жүргізген кезде, жағалаудан 9 метр қашықтықта әлсіз жүзіп жүрген жігітті байқаған. 109 қызметінің құтқарушылары Игорь Клунский мен Наил Сеитов адамның батып бара жатқанын бірден байқаған. Ал оның жағалаудағы үш досы судағы Ильхамды ойнап жүр деп, мән бермеген», - делінген хабарламада.

Наиль мен Игорь жігітті судан шығарып, түсіндірме әңгімеден кейін достарымен үйіне жіберген. Белгілі болғандай, 19 жастағы Ильхам Ниязов Сайранға төрт досымен суға шомылуға келген. 

Маусым айының басынан бастап құтқарушылар 1000 рейд жүргізген және қала бойынша 8,5 мыңнан астам демалушыларға судағы қауіпсіздік ережесі түсіндірілген. Құтқару бекеті ауа райы нашарлағанға дейін шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.