{metadescription}
Ақтөбе облысында қызы анасын сот арқылы үйден шығарып жібермек болды

Ақтөбе облысында қызы анасын сот арқылы үйден шығарып жібермек болды

Ақтөбе облысының тұрғыны азаматтық істер жөніндегі сот алқасына арыз түсіріп, өз анасын үйден шығарып жіберуді талап етті.

Сотқа арыз жазған келіншек анасының ылғи жанжал шығаратынын, жұртпен араласпайтынын айтты. Онымен қоймай, полиция шақырады. Арыз берушінің айтуынша, қарт әйелдің пәтерде тұруы оған, күйеуіне және балаларына қауіп төндіреді.

Арыз беруші әйелдің ата-анасы бұған дейін некеде тұрған және дау ошағына айналған үш бөлмелі пәтер талапкердің әкесіне тиесілі болған. Кейін ол бұл үйді кәмелетке толмаған қызына (сол уақытты) сыйлайды. Сот қарт әйелдің пәтерге заңды түрде қоныс аударғанын анықтады, себебі ол жекешелендіру кезінде пәтер иесімен заңды түрде некеде тұрған.

Ал сотқа жүгінген келіншек анасымен қарым-қатынасы бұзылғанын, сондай-ақ үйге меншік құқығы өзіне ғана тіркелгенін алға тартып, қарт кісіні пәтерден шығарып жіберуді сұрады. Сотта арыз берушінің анасы да өз уәжін айтты. Ол бәріне күйеу баласы кінәлі деп санайды. Араққа құмар ер адам келіншегі мен енесін соққыға жығады. Қария оны елден шығарып жібермеу үшін кешірдім дейді. Бірақ қызы 30 жылдан астам осы үйде тұрып жатқан анасын үйден шығарып жіберуге шешім қабылдаған.

"Ұсынылған дәлелдемелерді қорытындылай келе, сот алқасы талап қоюшы меншік иесінің құқығын теріс пайдаланды деген қорытындыға келді. Өйткені жауапкер пәтерге заңды түрде орналастырылды. Оған қоса ол қызы бала болған кезде пәтерді беруге және сыйға тартуға келіскен. Одан басқа мүлкі жоқ, психиатриялық және наркологиялық диспансерлік есепте тұрмайды", - делінген сот үкімінде.

Осылайша, Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Хромтау аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Оған сәйкес, талап қоюшы туған анасын үйден шығарып жіберуге құқығы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.