{metadescription}
Қостанайда баласын балтамен ұрып өлтірген зейнеткер өзін атып тастауды сұрады

Қостанайда баласын балтамен ұрып өлтірген зейнеткер өзін атып тастауды сұрады

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз баласын басынан 11 рет балтамен ұрып өлтірген әкенің ісін қарады.

73 жастағы Владислав Греков алдын-ала тыңдауда кінәсін мойындап, істі тезірек қарауды өтінген болатын. Айыптау қорытындысына сәйкес, 73 жастағы Владислав Греков өзінің 30 жастағы ұлы Василий Скиданенконы басынан 11 рет балтамен ұрған. Жанжал 27 шілдеде таңертең күзет бөлмесінде болды. 

"Сол күні кешке күзетші болып жұмыс істейтін Грековтен ақша сұрап ұлы Скиданенко келді. Ер адам оған ақша беруден бас тартып, кетуін өтінген", - деп прокурор Нино Капанадзе айыптау актісін оқыды.

Алайда Василий әкесінің талабын ескерместен өзімен бірге әкелген бір бөтелке сырасын ішіп, еденде ұйықтап қалады. Таңертең Греков тұрып, Скиданенконы оята бастаған. Өйткені ол уақытта жұмысқа қызметкерлер келе бастайтын.

“Ұлы әкесінің өтінішін ескермей агрессия көрсетіп, балағат сөздерін айтқан. Тіпті физикалық күш қолданатынын айтып қорқытқан. Нәтижесінде, осы қақтығыс пен ұзақ уақытқа созылған дұшпандық қарым-қатынастың негізінде Владислав Греков балта алып, баласының басынан 11 рет ұрған. Бас миының ашық жарақаты және ми затының мылжалануы Василий Скиданенконың тез өліміне себеп болды", - делінген айыптау актісінде.

Сотталушы айыптаумен келісіп, кінәсін толық мойындады. Сотқа "Қарсылық білдірмеймін, мені атып тастаңыздар!" деп жүгінгі. 

"Атып тастаңыздар! Бұл жалғанда бітіретін ештеңем қалмады", - деп кейін Владислав тағы бір рет қайталады. 

Сонымен бірге ол балтамен 11 емес,  3 соққы жасағанын атап өтті. Өйткені сол уақытта есін жиып, өзінің не бүлдіргенін түсінген. 

“Мен оны бар болғаны үш рет қана ұрдым. Егер 11 рет ұратын болсам басынан ештеңе қалмас еді. Бірінші соққыларды жасағаннан-ақ көзім қарауытып, жай түскендей болды", - деп атап өтті Греков. 

Бұл іс бойынша жәбірленуші ретінде сотталушының қызы және өлтірілген жігіттің үлкен әпкесі Елена Грекова деп танылды. Басты сот талқылауы 29 қыркүйекке белгіленген.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.