{metadescription}
Дәрігер коронавирустан кейін тұмауға шалдығу ағзаға қалай әсер ететінін айтты

Дәрігер коронавирустан кейін тұмауға шалдығу ағзаға қалай әсер ететінін айтты

Коронавирустық инфекциядан кейін адам басқа вирустарды жұқтыруы әбден мүмкін. 

Ресейлік терапевт-дәрігер, иммунолог Ирина Ярцева коронавирустан кейін тұмауға шалдыққандар не себепті қатты ауратынын түсіндірді.

"Коронавирустың салдары ауыр, адам ағзасы әлсіреп қалады. Сол себепті COVID-19 инфекциясынан кейін бірден басқа вирус жұқса, науқас ауыр жағдайға түсуі ықтимал", - дейді Ярцева.

Дәрігердің айтуынша, коронавирустан кейінгі тұмау кезінде бірнеше маңызды фактор бар.

"Біріншіден, коронавируспен ауырғанда өкпенің қабыну деңгейі қандай болды? Екіншіден, коронавирус пен тұмаудың арасында қанша уақыт өтті? Мұның барлығы сырқаттың деңгейіне ықпал етеді. Мәселен, коронавирус кезінде өкпенің қабынуы көлемді болса, одан кейінгі инфекциялық ауру күрделі өтеді. Сол сияқты коронавируспен ауырып шыққан адам денсаулығын қалпына келтірмей жатып, тұмауға шалдықса, вирустың әсері ауыр болады", - деп атап өтті иммунолог.

Алайда коронавирустан кейін тұмаудың ауыр өтетіні туралы нақты дәлелдер жоқ.

"Коронавирус кез келген вирус сияқты иммундық жүйеге кері әсерін тигізеді. Бірақ артынан адам ағзасы қалпына келе бастайды. Адам ағзасы коронавирусты еңсерсе, иммунитет біршама уақыттан кейін жаңа әрі күшті қорғанысқа ие болады. Былайша айтқанда, вирустан кейін иммундық жүйе күшейеді", - дейді Ярцева.

Осы орайда дәрігер күзде тұмауға қарсы екпе алу қажеттігін еске салды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.