{metadescription}
Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 15:09 кезінде «101» пультіне Медеу ауданы, Н. Назарбаев даңғылында орналасқан 4 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар 4-қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтады. Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары енгізілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, автоматты көп иінді өрт сөндіру көтергіш жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жағдай алғашқы минуттардан бастап бақылауға алынды.

«Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамынан 90 астам адам жұмылдырылды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Сонымен қатар, көше толық жабылды», - деп нақтылады ведомствадан.

Өрт қаладағы бейне бақылау таспаларын мониторингілеу кезінде байқалды. Куәгерлердің айтуынша, шатыр ішке қарай құлаған, жалын жоғарғы қабатқа ұласқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.