{metadescription}
Әйел гамбургердің ішінен адам саусағын тауып алды

Әйел гамбургердің ішінен адам саусағын тауып алды

Боливияның Санта-Крус-де-ла-Сьерра қаласының тұрғыны кафеден сатып алған гамбургерден адам саусағын тауып алды.

Оқиғаны тергеу кезінде әйелдің "Керемет гамбургер" деп аталатын тағамға тапсырыс бергені анықталды. Әйел гамбургерге тісін батырғаны сол еді, арасынан адамның сұқ саусағы шыға кеткен.

"Бізде гамбургердің осы мекемеде сатылғанын және оның ішінде адам саусағының қалған бөлігі табылғаны туралы растау қағазы бар", – деді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі вице-министр Хорхе Сильва.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғадан екі күн бұрын 20 мейрамхана желілерінің тартылған ет өндіруге жауапты жұмысшыларының бірі оқыс оқиғадан екі саусағынан айырылған. Қызметкерді жеке ауруханаға жатқызған.

Ер адам гамбургерге арналған 45-80 келі етті әзірлеген. Мекеме басшылығы оқиға болған күні дайындалған ет партиясы тәркіленгенін айтты, сонымен бірге ішкі қызметтік тексеру жүргізілетінін де жасырмады. Әйел адам тағамынан саусақ тауып алған мейрамхана жабылды. Сильва тексерулер ет жіберілген барлық 20 мекемеде жүргізілетінін қосып өтті.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.