{metadescription}
Журналист Бақытгүл Мәкімбай өмірден озды

Журналист Бақытгүл Мәкімбай өмірден озды

17 қыркүйек, жұма күні "DАТ" газеттер жобасының шығарушы редакторы, журналист Бақытгүл Мәкімбай 59 жасқа қараған шағында өмірден озды. 

Бұл ақпаратты газеттің бас редакторы Ермұрат Бапи хабарлады.

"Қош бол, Бақан! Бақалөгім менің!... 23 жыл жаңылмай жүрген "ДАТ"-ың сенсіз жетім қалды!... ", - деп жазды Бапи өзінің Facebook парақшасында. 

Бақытгүл Мәкімбай 1962 жылы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. "Дат" газеттер жобасында (СолДАТ, Жұма Таймс, Тасжарған, Айна-Плюс, Бүгін-Сегодня, Общественная позиция басылымдарында) ұзақ жыл қызмет етті. 

Журналистикадағы еңбегі үшін Сорос халықаралық қорының "Батылдық пен табандылық үшін" сыйлығының лауреаты атанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.