{metadescription}
Алматыда қураған шөп пен ағаш өртенді

Алматыда қураған шөп пен ағаш өртенді

Алматының Бостандық ауданында қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы қызыл жалынның жақын маңда орналасқан тұрғын үй секторына таралу қаупінің алдын алды.

«18 қыркүйек күні түскі сағат 11:11минутта Алматы қаласы ТЖД табиғи өрттерге қарсы жиынтық жасағы Бостандық ауданы, «Ерменсай» шағынауданы, Арайлым көшесі, 2/12 үйдің жанныда тау баурайындағы құрғақ шөп пен ағаштардың жанғаны туралы хабарламаға шықты», - деп хабарлады ведомствадан.

Өрт сөндіру бригадасы келген кезде таудың баурайында жалпы ауданы 1,5 Га жерде қураған шөп пен ағаш өртенгені анықталды. Өрттің үш қабатты тұрғын үйге таралу қауіпі болды. Жоғары температурадан үш қабатты үйдің пластикалық терезелері, сайдингтан жасалған үй жабындысы қыза бастаған. Өртті сөндіруге 57 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірілді. Оттың жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі толығымен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.