{metadescription}
Қапшағай маңындағы жарылыс - мамандар түсініктеме берді

Қапшағай маңындағы жарылыс - мамандар түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде Қапшағай маңындағы жарылыстың видеосы жарияланды.

Тұрғындар түсірген видеодан аспанға көтерілген қою түтінді көруге болады. Желі қолданушылары алаңдаушылық тудырып, бұл ауданда әскери бөлімдер бар екенін жарыса жазды. Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бұл қиыршық тас өңделетін кен орнында жүргізілген жоспарлы жарылыс екенін хабарлады.

"Бұл қиыршық тас өңделетін карьер аумағындағы жоспарлы жарылыс. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Оның айтуынша, кен орны Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Жоспарлы жарылыс жүргізілетіні жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланады.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.