{metadescription}
Қарағандыда дала өртінен күйіп қалған ер адам көз жұмды

Қарағандыда дала өртінен күйіп қалған ер адам көз жұмды

Бүгін Қарағанды облысының Қарақаралы ауданында денесінің 90%-ын термиялық күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте дала өртін сөндіру кезінде Қарақаралы ауданының үш тұрғыны зардап шеккен болатын. Олардың денесінің 18, 28 және 90% күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі бүгін Қарқаралы орталық аудандық ауруханасында қайтыс болды.

«Егіндібұлақ ауылынан 3 адам жеткізілді. Оның біреуінің денесін 90% күйік шалған. Өте ауыр күйік шогын алған. Термоингаляциялық жарақат. Жасалған шараларға қарамастан, өкінішке қарай, науқас алған жарақатының ауырлығынан қайтыс болды. Екінші науқастың 28% денесін күйік шалған, үшіншісінде - 18% күйік. Олардың жағдайы тұрақты», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 6 табиғи өрт сөндірілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.