{metadescription}
Тарбағатай ауданында қонақ үй өртенді

Тарбағатай ауданында қонақ үй өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында екіқабатты қонақ үй өртенді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ақсуат ауылында дәмхана мен қонақ үй орналасқан 2 қабатты ғимаратта өрт шыққан. Қызыл жалын шатырдың ағаш құрылымдары мен қонақ үй бөлмелеріндегі жиһазды шарпыды.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Жалын жалпы ауданы 300 шаршы метрді шарпыды. Қазіргі уақытта сол жерде жеке құрамнан 8 адам мен 2 автоцистерна жұмылдырылған. Сонымен қатар Ақжар ауылынан қосымша өрт сөндірушілер келе жатыр. Жергілікті атқарушы орган өкілдері су жеткізуді ұйымдастырды», - делінген ақпаратта.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.