{metadescription}
Атырауда жол жиегіндегі қоршау мал жүрмес үшін токқа қосылды

Атырауда жол жиегіндегі қоршау мал жүрмес үшін токқа қосылды

Атырау облысында жол жиегіне электр желісіне жалғанған лента орнатылды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай әдіс қараусыз малдың жолға шығып кетуіне тосқауыл болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында халықаралық «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолының 574-шақырымында жол жиегіне ұзындығы 1 мың метрлік ток көзіне жалғанған лента қоршауы орнатылды. Ток көзі жануарларға қауіпті емес. Аталған қоршау автокөлік қауіпсіздігі үшін үй жануарларының тас жолға шығуына тосқауыл болады. Алдағы уақытта осындай токқа жалғанған ленталарды республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар бойындағы елді мекендердің тұсына орнату көзделіп отыр. Оның ұзындығы 10 шақырым. Оны орнату жергілікті атқарушы орган мекемелерімен бірлесіп жүргізіледі», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.