{metadescription}
Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеген 24 жастағы жігіт дүкенге соғылды

Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеген 24 жастағы жігіт дүкенге соғылды

Өскемен қаласының тұрғыны жүргізуші куәлігі болмаса да мас күйде көлік тізгіндеп, дүкенге соғылды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте түнгі сағат 01.00 шамасында болған. ВАЗ автокөлігін тізгіндеген 24 жастағы жігіт жол апатына ұшырады. Рульді басқара алмай қалған ол дүкеннің алдына соғылған. Нарколог дәрігердің қорытындысына сәйкес, ер адам жеңіл дәрежеде мас болған.

Сондай-ақ қала тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.