{metadescription}
Қазақстанның Қарулы күштерінің бөлімдері елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді

Қазақстанның Қарулы күштерінің бөлімдері елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді

 Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдері елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді.

2021 жылғы қыркүйектің басынан бастап өтіп жатқан кенеттен тексеру шеңберінде әскерлер Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріне жіберілді. Маневрға ведомствоаралық, түраралық әскер топтарынан жалпы саны тоғыз мыңға дейін адам, үш мыңға жуық қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен сегіз корабль тартылды. Қарулы Күштерді алыс қашықтыққа жылжуға әзірлікте ұстау қажеттілігі Қазақстан аумағының ауқымдылығына байланысты.

Әскерлерді жауынгерлік техникамен, теміржол және әуе көлігімен, оның ішінде азаматтық авиация мүмкіндігін пайдалана отырып, әртүрлі тәсілдермен жеткізу жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, алдыңғы шептегі бөлімшелер әскери-көлік және азаматтық авиация ұшақтарымен жеткізілді. Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері жауынгерлік техникасымен бірге өздеріне таныс емес полигондарға теміржол көлігімен жеткізілді. Жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындау шеңберінде бөлімшелер белгіленген аудандарда орналасып, оларды инженерлік тұрғыдан жабдықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.