{metadescription}
Бір тәулікте 43 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Бір тәулікте 43 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте 37 адам коронавирустан, 6 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

20 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 290 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 333 пациент стационарда, 56 957 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Жалпы науқастар арасында 1 051 адамның жағдайы ауыр, 278 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 143 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сонымен қатар бір тәулікте 2 438 адам коронавирус жұқтырды, 67 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 862 862 адамнан коронавирус анықталды, ішінде 10 763 адам қайтыс болды. 74 092 адамның пневмонияға шалдыққаны белгілі, ішінде 4 740 адам қайтыс болды. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының мәліметіне сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау,Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары бар.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бар. "Жасыл" аймақта Түркістан, Жамбыл облыстары бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.