{metadescription}
АҚШ-та ұшақ құлады

АҚШ-та ұшақ құлады

Оқиға Лейк-Уорт қалашығында болды.

Ұшқыштар қатапультті пайдаланып үлгерген. АҚШ-тың Техас штатында әскери ұшақ құлады. Апат кезінде екі үйге зақым келді, деп хабарлады Форт-Уорт қаласының өрт сөндіру және құтқару қызметі. Әлеуметтік желіде тараған видеода қап-қара түтін анық көрінеді. Апат аз қабатты тұрғын үйлер маңайында болған. 

"Екі-үш науқасқа көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазды өрт сөндірушілер Twitter парақшасында.

Апатқа ұшыраған оқу-жаттығу ұшағы. Бұл оқиға Лейк-Уорт қалашығында болды. Ол Форт-Уортке жақын орналасқан. Екеуі де Далластың маңындағы елді мекен. Форт-Уорт қаласында АҚШ әскери-теңіз күштерінің әуе базасы орналасқан. Жергілікті WFAA медиакомпаниясы екі ұшқыштың қатапультті пайдаланып үлгергенін жазып отыр. Олардың ауруханаға жатқызды. Құтқарушылардың мәліметінше, үш адам зардап шеккен олардың жағдайы туралы деректер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.