{metadescription}
Маңғыстаулық дәрігерлер бас миы ісінген сәбиді аман алып қалды

Маңғыстаулық дәрігерлер бас миы ісінген сәбиді аман алып қалды

15 қыркүйек күні жүкті келіншекте Сovid-19 инфекциясының асқынуына байланысты кесарь тілігімен жедел ота жасалып сәби дүниеге келді.

Екінші тәулікте аса ауыр жағдайдағы нәресте облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Нақты диагнозы ми қан айналымының бұзылуы, бас миының ісінуі, дислокациялық синдром, 2-3 дәрежелі кома делінген. Нәрестеге шұғыл түрде ота жасалып, ол сәтті өтті.

Қазіргі уақытта сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, тиісті емнен кейін жағдайы жақсарады және оның өміріне қауіп төнбейді. Дүниеге келген қыз баланың анасы ауыр жағдайда. COVID-19 індетінің асқынуына байланысты өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.