{metadescription}
11 жасар қалыңдық пен 12 жастағы күйеу жігіттің ата-анасы қамауға алынды

11 жасар қалыңдық пен 12 жастағы күйеу жігіттің ата-анасы қамауға алынды

Мысыр елінің Қауіпсіздік күштері 11 және 12 жастағы балаларын үйлендірмек болған ата-аналарды ұстады.

Каир қаласынан 30 шақырым жерде тұратын кәмелеттік жасқа толмағандарды үйлендіру жайлы жұртқа белгілі болған, бұл жағдайға билік араласты. Балаларды үйлендіру туралы зергерлік дүкен иесінің Facebook әлеуметтік желісіне күйеу жігіттің жас қалыңдыққа үйлену алдында болашақ әйеліне сыйлауы тиіс алтын бұйымдарын сатып алғаны туралы ақпарат салғаннан кейін белгілі болған. Алтынды ұл баланың ата-анасы сатып алған. Екі отбасының алдағы құдалығын атап өту салтанатын кенеттен келіп жеткен полиция бұзды.

Мысырдың Ана және бала мәселелері жөніндегі Ұлттық кеңесінің Бас хатшысы Сахао ас-Санбатидің айтуынша, «аталған оқиға Мысыр Конституциясының балаларды қорғау жөніндегі 80-ші бабын бұзушылық болып табылады және балаларды зорлау немесе оларға қатыгездік жасау жағдайында мемлекеттің араласуын қарастырады». Енді олардың ата-аналары сот алдында жауап береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.