{metadescription}
Ақтөбеде 4 жүкті келіншек коронавирустан көз жұмды

Ақтөбеде 4 жүкті келіншек коронавирустан көз жұмды

Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт жүкті келіншек көз жұмды.

Үшеуінің сәбиі аман қалды. Ақтөбеде инфекциялық кереуеттер жүктемесі 43, ал реанимациялық кереует жүктемесі ​ 40 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге 1700-ден астам кереует резервте тұр.

«Қазір ауруханадағы 800-ден астам науқастың 88-і жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басынан бері 521 адам көз жұмды. Оның 353-і коронавирус инфекциясы, өзгесі пневмониядан», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Облыс бойынша жыл басынан бері 4 жүкті әйел коронавирус инфекциясынан көз жұмған. 

«Өкінішке қарай 26-38 жас аралығындағы төрт жүкті әйел көз жұмды. Олардың жүктілігі 34-36 апталық еді. Аман-есен өмірге келген үш баланы қазір туған-туыстары тәрбиелеп жатыр. Біреуі шетінен кетті. Жас аналардың созылмалы ауруы бар болған​ соң олардың​ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Олар семіздік, созылмалы холецистит, пиелонефрит ауруларына шалдыққан», - деді Айгүл Күштаева.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.