{metadescription}
«Барахолкада» бірнеше контейнер өртенді

«Барахолкада» бірнеше контейнер өртенді

Құтқарушылардың сөзінше, өрттің аумағы 120 шаршы метрді құраған.

Бұл жолы «Қазына» базары отқа оранды. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт туралы хабарлама түскі сағат 12:14-те түскен. 

«Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы, Солтүстік айналым, 34 «Қазына» сауда орнына жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар жалпы алаңы 120 шаршы метр аумағында материалдық құндылықтары бар бірнеше екі қабатты контейнердің жанып жатқанын анықтады. Өрттің жақын маңында орналасқан контейнерлерге көшу қауіпі туындады», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алғашқы бөлімше барлау барысында «су аз қамтылған» аудан туралы хабарлады, сондықтан өрт сөндіру автоцистерналарымен су жеткізу жұмыстары дереу ұйымдастырылды, осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.

Оқиға орнында Жедел Штаб, 2 жауынгерлік учаске құрылды. 40 маман мен 14 бірлік техника жұмылдырылды. Жол полициясының күшімен жолды қоршау қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 18 минутта оқшауланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.