Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Желіде қазақстандық мектептерде «вакцина шашады» деген қауесет тарады
What ‘sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орындар дайын екендігі туралы аудио хабарлама тарап жатыр.
16:00 21.09.2021
Автордың айтуынша, олар мектептерде вакцина шашқаннан кейін қажет болады, балалар жаппай ауырып, өле бастайды. Бұл фейк. Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
«Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орындар дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда, керісінше, КВИ-мен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылуда. Сондай-ақ, бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ», – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бұл ата-аналар арасында дүрбелең туғызған дыбыстық хабарламалар бұған дейін де тараған болатын. Біз Тараз және Шымкент қалаларында балаларды белгісіз бағытта эвакуациялап, ауызына тамызу арқылы егетіні туралы фейкті жоққа шығардық.
Дереккөз: stopfake.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram