{metadescription}
ШҚО-да жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді

ШҚО-да жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 21 қыркүйекте таңғы сағат 03.00 шамасында республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы» тасжолының 29-шақырымында болған.

«Toyota RAV-4» маркалы автокөлікті тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші Предгорный елді мекенінен Глубокое ауылына қарай келе жатты. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан көлік жолдан ұшып кетіп ағашқа соғылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апатынан дене жарақатын алған ер адам Глубокое ауылындағы ауруханаға жеткізілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.