{metadescription}
Елорда орталығында Қазақмыс ғимаратынан өрт шықты

Елорда орталығында Қазақмыс ғимаратынан өрт шықты

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күшімен өрт 19.10-да сөндірілді.

Нұр-Сұлтанда "Қазақмыс" ғимаратында шыққан өрттен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Елорданың өрт сөндірушілерінің күшімен өрт 19.10-да сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы шамамен 60 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", - делінген хабарламада.

Куәгерлер желіде ғимарттың түтіндеп жатқан видосын бөлісіп жатты. 

"Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жануда. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша өрттің шығуына отты қолданып жүргізілген техникалық жұмыстар себеп болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.