{metadescription}
Таразда полицейлер жезөкшелердің үстінен түсті

Таразда полицейлер жезөкшелердің үстінен түсті

Полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Таразда жезөкшелер қызмет көрсететін ғимарат анықталды. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, 11 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жеңгетай" санаты бойынша 1 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 3 әйел профилактикалық есепке алынды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде