{metadescription}
Алматыда жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам қаза тапты

Алматыда жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам қаза тапты

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 қыркүйек күні кешкі сағат 16 :35-те Коперник көшесінде болды.

«Коперник көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі жолдың күрт бұрылысында рульге ие бола алмай, ағашқа соғылды. Көлік ішіндегі жолаушы көз жұмды. 40 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы қаласы ДП тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.