{metadescription}
Қазақстандықтар қандай елдерге ұшып бара алады

Қазақстандықтар қандай елдерге ұшып бара алады

Қазақстанда 16 елмен халықаралық әуе қатынасы жаңарту және ұлғайтуға рұқсат етілді.

Мұндай шешімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Атап өткенде, Қазақстанның Ресей Федерациясымен әуе қатынасы 54 рейске, Түркиямен – 7 рейске, Біріккен Араб Әмірліктерімен – 9 рейске, Өзбекстанмен – 5 рейске, Германиямен – 5 рейске, Мальдивпен – 3 рейске, Кореямен – 6 рейске, Польшамен – 2 рейске, Венгриямен – 1 рейске, Сауд Арабиясымен – 1 рейске ұлғайтылды.

Қазақстаннан Чехия еліне тұрақты рейстер аптасына екі рейс жиілікпен ұшады, Қытайға – аптасына сегіз рейс, Әзербайжанға – аптасына үш рет ұшады. Қазақстаннан Италияға аптасына екі рет, Шри-Ланкаға – аптасына үш рет, Кувейтке – аптасына үш рет ұшатын тұрақты рейстер ашылды.Қазіргі кезде әуе компаниялар ұшу кестесін құрып жатыр. Рейстердің орындалуы жоғарыда аталған елдердің тиісті өкілетті органдарымен келісіледі. Барлық рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуымен және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.