{metadescription}
Криштиану Роналду әлемдегі ең көп ақша төленетін футболшыға айналды

Криштиану Роналду әлемдегі ең көп ақша төленетін футболшыға айналды

Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол командасының португалиялық форварды Криштиану Роналду Forbes журналының нұсқасы бойынша 2021 жылы ең көп ақша төленетін футболшыларының тізімін басқарды.

Аталған тізім басылым сайтында жарияланған. Роналдудың жалпы табысы 125 млн долларды құраған, соның 70 миллионы – жалақы, қалған 55 миллион – жарнамалық келісімшарттар.

Роналду – «Алтын доптың» бес дүркін иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының жеңімпазы. «Манчестер Юнайтед» құрамында ойнап жүріп, Англияның үш дүркін чемпионы атанды, Англия кубогы мен Чемпиондар лигасын ұтқан. Роналду – ұлттық құрамалар тарихындағы үздік шабуылшы, Еуропа чемпионаттарының үздік шабуылшысы, Чемпиондар лигасы тарихында, әлемнің клубтық чемпионаты мен мадридтік «Реалдың» үздік шабуылшысы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.