{metadescription}
ШҚО-да иіс тиген әйел мен оның 8 жасар баласы ауруханаға жеткізілді

ШҚО-да иіс тиген әйел мен оның 8 жасар баласы ауруханаға жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында әйел адам мен оның 8 жасар баласына иіс тиген.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 21 қыркүйек күні Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған.

«Үйде отырған әйел мен оның 8 жасар ұлы көмірқышқыл газынан уланды. Бұған жылыту пешінің ақауы себеп болған. Нақты айтқанда, мұржадан жарықтар пайда болып, екеуіне иіс тиді. Анасы мен баласы шұғыл ауруханаға жеткізілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Медицина қызметкерлері тексерген соң әйелді үйіне жіберді. Ал бала ауруханаға жатқызылған. Белгілі болғандай, қыркүйек айының басында құтқарушылар осы үйге келіп пеш мұржасында жарық бар екендігін айтқан. Бірақ үй иесі ескертуге құлақ аспады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.