{metadescription}
Қарағандыда автобуста қалта ұрысы қылмыс орнында ұсталды

Қарағандыда автобуста қалта ұрысы қылмыс орнында ұсталды

Қарағанды ​​қаласы ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері мүліктік қылмыстың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізді. 

Қоғамдық көліктердің бірінде рейдтік шара кезінде полицейлер жолаушының сөмкесінен әмиянды шығарып алмақшы болған ер адамды ұстады.  Анықталғандай, ұсталған адам ұрламақ болған әмиянның ішінде 9,5 мың теңге көлемінде ақша мен құжаттар болған. Жәбірленуші 19 жастағы қыз сөмкесінен әмиянды алып жатқанын байқамаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы бойынша (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.