{metadescription}
5,9 балдық жер сілкінісі болды

5,9 балдық жер сілкінісі болды

Сәрсенбі күні Австралияның оңтүстік бөлігіндегі Мельбурн қаласы маңында магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Австралияның Виктория штатының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі өзінің Twitter аккаунтында жер сілкінісінің ошағы Виктория штатының Мансфилд ауылдық қалашығына жақын маңда орналасқанын айтқан. Бастапқыда жер сілкінісінің күші 6 балл болып, кейінірек 5,9 балл болып бағаланды.

Австралияның екінші үлкен қаласы – Мельбурнның орталық бизнес ауданында кем дегенде бір ғимарат пен жлектр беру желілеріне зақым келді. Соңғы бірнеше жылда қалада мұндай ірі жер сілкінісі болмаған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат хабарланған жоқ.

Сондай-ақ, жер сілкінісінің дүмпуі эпицентрден 800 км қашықтықта Оңтүстік Австралияның Аделаида қаласында, сондай-ақ эпицентрден 900 км қашықтықта Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Сиднейде сезілді делінген. Виктория штатының мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі цунами қаупін жоққа шығарды.

Австралия аумағы тектоникалық плитаның ортасында орналасқан, сондықтан ірі жер сілкіністері өте сирек кездеседі. Geoscience Australia мәліметтері бойынша, 6.6 баллдық ең ірі жер сілкінісі 1988 жылы Солтүстік аумақта тіркелген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.