{metadescription}
Елордада тағы бір автобус жолағы іске қосылады

Елордада тағы бір автобус жолағы іске қосылады

Bus Lane жолағымен қоғамдық көліктен бөлек жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы да жүре алады.

Нұр-Сұлтан қаласында 25 қыркүйектен бастап Мұхамедханов көшесінде Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін Bus Lane жолағы іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл өзгеріс осы учаскеде үлкен сұранысқа ие 2 бағдардың (№45 және 56 маршруты) қозғалысына септігін тигізеді. Осылайша жалпы саны 25 автобустың жүрісі жылдамдайды. Күн сайын осы бағыттармен 16 мыңнан астам жолаушы жүреді. Қайым Мұхамедханов көшесінде автобуспен жүретін жолаушылар көп. Сол себепті осы жолдың бір бөлігіне автобус жолағын енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Айта кетері, Мұхамедханов көшесінде бөлінген жолақты қоса есептегенде Нұр-Сұлтанда Bus Lane-ның жалпы ұзындығы 73,6 шақырымға және 26 жол учаскесіне дейін көбейді.

"Көлік жүргізушілері осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.