{metadescription}
Полиция Ақтөбе-Алматы пойызында болған келеңсіз оқиға туралы ақпарат берді

Полиция Ақтөбе-Алматы пойызында болған келеңсіз оқиға туралы ақпарат берді

Жігіт пойызға билетсіз отырмақ болған.

Бұл жоспары іске аспаған соң төбеге шығып кетті. Ол жерден көлік полициясы қызметкерлері түсіріп алды. Ақтөбе тұрғыны пойыз төбесіне мініп, Алматыға жетпек болды. Жігітті көлік полицейлері түсіріп алды. Келеңсіз жағдай 21 қыркүйек, дүйсенбіде болған. 

"Ішімдік ішкен 20 жастағы ақтөбелік пойыз төбесіне шығып кетті. Пойыз Ақтөбеден Алматыға бет алған болатын", - деді көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев.

Оның айтуынша, жігіт пойызға билетсіз отырмақ болған. Бұл жоспары іске аспаған соң төбеге шығып кетті. Ол жерден көлік полициясы қызметкерлері түсіріп алды.

"Ұсталған адам әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: "Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу", "Теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу", "Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу", - деді полиция генерал-майоры.

Бекиев ұсталған жігіт бұған дейін де қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.