{metadescription}
Сот Алматыда 5 адамның өмірін қиған Игорь Дужновтың әйелінің шағымын қарауды кейінге шегерді

Сот Алматыда 5 адамның өмірін қиған Игорь Дужновтың әйелінің шағымын қарауды кейінге шегерді

Қалалық сот Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың әйелі түсірген шағымды қарауды кейінге қалдырды.

Анаида Демирчян қалалық сотқа осыған дейін аудандық сот кейінге қалдырып келген отбасын үйден шығару туралы шешімге қатысты апелляциялық шағым түсірді. Бірақ Алматы соты талапкердің болмауына байланысты отырысты кейінге қалдырды. Себебі, үйдің жаңа иесі атыс кезінде қаза тапты. Заңға сәйкес, оның қайтыс болғаны туралы куәлік қажет.

Бұл құжат әлі дайын болмағандықтан, сот шағымды қарауды 5 қазанға қалдырды. Айта кетейік, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде