{metadescription}
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

Ақтөбе-Атырау тасжолында жол-көлік оқиғасы болды.

Ақтөбе-Атырау тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Темір ауданынан Байғанинге бет алған көліктің 57 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA Granta автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.