{metadescription}
Павлодарда 5 жасар баладан коронавирустың Eta штамы анықталды

Павлодарда 5 жасар баладан коронавирустың Eta штамы анықталды

Павлодар облысында бес жастағы баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды.

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов айтты.

"Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан", - деді деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Ол кезде Алматыға 5 сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен Дельта штамы анықталды", - деді Айдар Сейітқазинов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.