{metadescription}
Оралда екі көлік соғылып, 3 адам ауруханаға түсті

Оралда екі көлік соғылып, 3 адам ауруханаға түсті

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қыркүйек күні шамамен сағат 11.15-те Зачаган кентіндегі Жәңгір хан мен С.Айтқұлов көшелерінің қиылысында болды.

«Лада Грантаның» 43 жастағы жүргізушісі автокөлік руліне ие бола алмай, бағдаршамда тоқтап тұрған «ВАЗ-2115» автокөлігін (жүргізушісі 34 жаста) түйген. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен «ВАЗ-2115» автокөлігінде отырған жолаушы түрлі жарақат алды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жарақат алған үш ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.