{metadescription}
Бұрынғы қаржы вице-министрі 4 жылға сотталды

Бұрынғы қаржы вице-министрі 4 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық No2 соты бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа қатысты үкім шығарды.

Руслан Еңсебаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және осы бап бойынша төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылады. (...) Үкім заңды күшіне енгенге дейін кепіл түрінде таңдалған бұлтартпау шарасы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілсін. Бірден қамауға алынсын. Кепіл кепілгерге қайтарылсын. Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін, қамауда ұстау уақытын 2021 жылдың 23 қыркүйегінен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін 1 тәулік мөлшерінде 1,5 тәулік мерзімінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеу кезін белгілеу", - деді №2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Руслан Еңсебаев 2018 жылғы 6 маусымда қаржы вице-министрі болып тағайындалған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.